Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, кеше ІІД пультіне қаладағы мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түсіп, шұғыл арада 711 адам, оның ішінде 629 бала қауіпсіз жерге көшірілген.
«Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ», - делінген баспасөз хабарламасында.
Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметінің 55 қызметкері мен 11 техникасы, оның ішінде ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД жеке құрамының 9 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.