Басқарма таратқан мәліметке жүгінсек, медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оқушы тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан көз жұмған.
«Семей қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы қорытындысы негізінде бала «Жеңіл ақыл-ой кемістігі» деген диагнозбен интернатта білім алған. Баланың анасының есту, сөйлеу қабілеті төмен. Семей қаласындағы №9 мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Толық емес отбасыдан шыққан, сабақты орташа оқыған. Оқушының биологиялық әкесі К.А баламен бірге тұрмаған, бірақ ұлымен үнемі қарым-қатынаста болған. Баланың денсаулығы жақсы болған, ешқашан денсаулығына шағым болмаған, бірақ суық тиіп ауырған. Аптаның дүйсенбісінен жұмасына дейін №6 арнайы мектеп интернатта жатып оқыған, сенбі, жексенбі күндері анасы үйіне алып кетіп отырған» делінген Абай облыстық Білім басқармасы таратқан мәліметте.
Айта кетейік, бұған дейін Семейде мектеп-интернатта жасөспірім оқушының қайтыс болуына байланысты тергеу басталғанын жазған едік.