Қорғаныс министрі Қарулы күштер бөлімшелерінің іс қимылдарын жеке өзі үйлестіруде.
«Өртті сөндіруге 300-ден астам әскери қызметші қатысуда, 30 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға алғашқы болып армиялық авиацияның Ми-17 және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары кірісті. Жалынмен күресу кезінде 400 тоннадан астам су төгілді», - деп жазды ведомстводан.
Дағдарыс ауданына 500-ден астам әскери қызметші жіберілуге дайын тұр.
ҚР Қарулы күштері өртті оқшаулап, оны жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.