Қазір қалада су тасқыны келтірген материалдық шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тұрғындарға шығынды өтеуге қатысты сұрақтар бойынша Семей қаласының ТҮКШ бөліміне хабарласу қажет. Мекенжайы: Достоевский көшесі 110. Байланыс нөмірі: 110 немесе 8 /7222/ 52 - 26- 84.
Сол сияқты мал басы шығынының келуіне байланысты Семей қаласының ветеринария бөліміне хабарласуға болады.
Семей қаласы əкімінің қаулысына сəйкес, 99 наурыз күні жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.