Жерасты өткелдеріндегі тағы бір мәселе – бұзақылардың кесірінен жарықтандыру құрылғылары мен электр сымдарының бүліне беруі. Тұрғындар қалалық әкімдікке жерасты өткелдеріндегі жарықтың болмауына байланысты жиі шағымданады.
Қазіргі таңда Семей қаласының жергілікті полиция қызметі бұзақыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өткел ішіне видеокамералар орнатылмақ.