Семейдің вокзал алаңында мәңгілік алау жағылды
Митинг кезінде соғыс жылдары темір жол саласында қызмет еткен ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін қарсы алу барысында, жеңісті жақындата отырып елдің барлық теміржолшылары өте қажетті көлік қатынасымен қамтамасыз ете отырып, ерлік жасағаны аталып өтілді.
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы теміржолшылардың сіңірген еңбегі өлшеусіз, - деді митингіде сөз алған «Восток» Аймақтық қолбасшылығы командирінің бірінші орынбасары Алмас Әсенов. - Сол сұрапыл жылдардағы тасымалдың көлемі көп нәрсені ойландырады».
Жеңістің 65 жылдығын тойлау аясында «ҚТЖ» акция өткізуде - Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ТМД елдері бойынша тегін тасымалдау осы жылдың аяғына дейін жалғасады.
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ семейлік бөлімшесінде тізімде тұрған 65 ардагердің ішінен Аягөзде тұратын майдангер Әбдіғали Қаймолдин Мамырдың 9-ы күні Астана қаласында өтетін шеруге қатысу құрметіне ие болып отыр.
Митингіге қатысушылар, бұрынғы теміржолшылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, вокзал алаңында Мәңгілік алау жақты.