Семейдің жеңіл атлеттері облыстық турнирде 27 медальді жеңіп алды

СЕМЕЙ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде жеңіл атлетикадан ШҚО біріншілігі аяқталды. Жалпы командалық есепте 27 медальды жеңіп алған  жергілікті спортшылар облыстық турнирде табысқа жетті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңіл атлетиканың 14 түрі бойынша өткен Шығыс Қазақстан облысының  турнирінде жеңіс медалі үшін 300 астам спортшы бақ сынасты.

Найза лақтыру, қысқа қашықтыққа жүгіру және эстафета бойынша семейліктерге тең келер қарсыластар болмады, деп атап өтті әділ қазылар алқасы.  Ең көп медальді қанжығалаған семейліктер жарыс тұғырының бірінші орнына көтерілсе, өскемендік және риддерлік қарсыластар екінші және үшінші орындарды бөлісті.

Облыстық біріншіліктің жүлдегерлері енді  осы аптада Алматыда басталатын республикалық чемпионатта Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады.