Анасының сөзінше 4 жасар қызы орталықта тәрбиешінің жауапсыздығынан дене жарақатын алған,
2016 жылы 4 жасар Әмина балаларды дамыту орталығында жүріп жарақат алған.
Әминаның анасы Елена Гутовская Затон полиция бөліміне арызданғанмен, ондағы тергеушілердің жүргізген сотқа дейінгі тергеуі барысында құқықбұзушылықтың жоқтығына байланысты іс тоқтатылған.
Еленаның сөзіне қарағанда, Әминаға алдағы уақытта Новосібір қаласында ота жасалуы тиіс. Себебі, сол жақ иығының тоқпан жілігі сынған. Алайда дәрігерлер ота жасауға баланың жасы әлі кішкентай екенін айтқан.
Сосын Елена баласының жағдайына немқұрайлы қараған орталықтың моральдық зиян өтеуін талап етіп қайтадан сотқа арыз жазған.
Медициналық сараптама қорытындысын ескерген сот талап-арызды қанағаттандырды. Енді балабақша басшылығы 250 мың теңге өтемақы төлеуі тиіс.
«Азаматтық істі қараған Семей қалалық соты талап арыз қанағаттандырылды. Баланың 2016 жылдың 26 желтоқсанында орталықта орташа дәрежеде дене жарақатын алғаны дәлелденді. Жауапкер арызданушыға моральдық және сот шығындарын өтеуі тиіс. Шешім заңды күшіне енген жоқ», - деді Семей қалалық сотының баспасөз қызметінен.