Семейлік қымыздан балмұздақ жасамақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Семейлік жас кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасамақ, деп хабарлайды Алтайньюс.

«Жас кәсіпкер» жобасының аясында Айдын Серікқазы қымыздан балмұздақ жасаймындеген бизнес-жобасын қорғады.

Балмұздаққа «QazIce» деп ат қойған ол, ұлттық сусынды әлемдік брендке айналдырғым келеді дейді.

«Көбінекішкене балалар қымыз ішпейді ғой, сондықтан, осы бір бастаманы қолға алдым.Әрі табиғи таза өнім пайдалы болып табылады»,– дейді жас кәсіпкер.

Жобасынсәтті қорғаған Айдын енді 550 мың теңге көлемінде грантқа ие болмақ.