СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте 10-11-сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізілген байқауда жергілікті физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Аңсаған Серікқызы бірінші орын иеленді.
«Аңсаған Абайдың 105 өлеңін жатқа біледі. Байқауға тыңғылықты дайындалғанының арқасында 3 кезеңнен де сүрінбей өтті. Алғашқысында Абай поэзиясын жатқа оқыса, келесіде қара сөздерін мәнерлеп айтып, «Абай жолы» романынан кез келген үзіндіні шеберлікпен жатқа орындап шықты. Ал соңғы кезеңде әділ-қазылар оқушылардың Абайтану пәні бойынша білімдерін анықтау үшін сұрақтар қойды», - дейді оқушының жетекшісі Ақбота Жайсаңбаева.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.