Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Сахмолдин Мұхаммадариф халықаралық олимпиаданың алтын медалін олжалады. Аталған олимпиада математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды балаларды анықтау мен оларға қолдау білдіру мақсатында 2005 жылдан бері өткізіліп келеді.
«15-23 ақпан аралығында ұйымдастырылған ХVIII халықаралық Жәутіков олимпиадасы онлайн форматта өтті. Онда елімізден бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Беларусь, Украина, Грузия, Армения, Түркия, Моңғолия, Въетнам, Румыния, Болгария, Сербия, Үндістан сынды мемлекеттердің кіл мықтылары бақ сынасты. Білім бәйгесінде бәсеке өте жоғары болды», - делінген білім ордасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сахмолдин Мұхаммадариф бақ сынаған информатика пәніне 300-ден аса шәкірт қатысқан.Ол ең жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.