«Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде «Ертіс маңы» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов қала әкімдігіне Семипалатинскі қамалының шекарасына Иван Андреевтің ескерткішін салу өтінішімен келген. Хатты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қарап, ескерткіштер орнату және ескерткіш өнері құрылыстарымен айналысатын облыстық органға жіберген», - дейді мәдениет бөлімінің маманы Қуат Киікбаев қоғамдық кеңестің отырысында.
Иван Андреевтің портреті сақталмағанын ескерсек, қаланың негізін қалаушының келбетін ұқсату қиынға соғады. Соған қарамастан, мүсіншілер тарихи анықтамалар мен мұрағат мәліметтердің негізінде оның «салуы» мүмкін.