Семейлік сенсей халықаралық дэн-тестінде жаңа атаққа ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияға Абай облысынан барған сенсей халықаралық дэн-тестінде жаңа атаққа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Жапонияның Йокогама қаласында 10 сәуірде Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының өңірлік басшылары үшін халықаралық дэн-тест өткізілді.

«Оған әлемнің 30 елінен 100-ден астам шеберлер қатысты. Олардың арасында «Абай облысының кекушинкай каратэ Бүкілқазақстандық ұйымы» ҚБ директоры сенсей Гүлнара Советқызы Жақаева болды. Тест нәтижелері бойынша оған жаңа IV дан шеберлік атағы берілді», - деп жазды әкімдіктен.