Студенттер Оңтүстік Кореяға Шәкәрім және Кьюнгдонг университеттері жасасқан екіжақты меморандум аясында барып қайтады.
Үш айлық курстарда қазақстандық студенттер халықаралық бизнес, компьютерлік технологиялар, корей тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқиды.
6 маусымда педагогтар өз студенттерін алыс сапарға шығарып салады.
Аталған шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр.