Бұл туралы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан хабарлады.
«Қызмет көрсету» колледжінде «Саламатты жас Қазақстан» әлеуметтік жобасы негізінде студенттерге «Тиімді әрі дұрыс тамақтану және психологиялық, педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсету» семинар-тренингі өтті. Аталған іс-шараға 30 студент қатысты.
Бұл жобаның басты мақсаты - тиімді әрі дұрыс тамақтанудың принциптеріне үйрету арқылы жастардың физикалық және ойлау қабілетін нығайту.
«Жастар орталығы» директорының міндетін атқарушы Қайсар Еркінбаевтың айтуынша, «Жастар орталығының» негізгі бағыттарының бірі - жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене қуаты әлеуетін, қазақстандық отансүйгіштікті дамыту. Осы мақсатқа жету үшін психологиялық, педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсетуді жүзеге асырылуда.