Семейлік жас бишілер xалықаралық байқауда бас жүлде иеленді

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «В лучах софитов» ІІІ xалықаралық байқау-фестивалі өтті. Оған Қазақстан мен Ресей өнерпаздары жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29-30 наурыз күндері өткен байқау барысында 100 түрлі жанрдағы билер ұсынылды. Қазақстаннан қатысқан семейлік бишілер 6 топтық және 8 жекелей өнер көрсетті.

«Классикалық топтық би әділқазылардың жоғары бағасын алып, бірінші орынға лайық деп танылды. Ал ұлттық би үздік үштіктен көрінді. Жеке өнер көрсеткен Дильназ Орынбасарова, Інкәр Мақанова, Бақыт Еділқызы, Даяна Әлімбаевалар бірінші орынды иеленді», - деп мәлім етті бишілерді бастап барған ұстаз Анна Качанова.

Сондай-ақ мәлім болғандай, шара барысында Анна Качанова «Тәрбиеге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Педагогты наградтау туралы құжатқа РФ президенті Владимир Путин қол қойған.