Қазақстан атынан сынға түскен жалғыз үміткер Арыстан Исанжолов турнирдің ең жас қатысушысы бола отырып, 122 шахматшының ішінде үздік атанған. Жарысқа қатысушылар арасында тәжірибелі гроссмейстерлер де болған.
«Турнир бастан-аяқ тартысты өтті. Өте мықты қарсыластар кездесті. Жарыс барысында 41 орыннан 1-орынға шықтым», – дейді Арыстанның өзі.
11 турдан кейін 2124 рейтинг ұпайын жинаған Арыстан Исанжолов соңғы кезеңде 2618 рейтингтік ұпайы бар Семен Ханинді жеңген.
«Ол сондай-ақ, гроссмейстер Алексей Придорожныйды жеңіп, 37 жастағы фоворит, 2683рейтингтік ұпайы бар Дмитрий Кокаревпен тең түсті. Әрине, Арыстан – талантты шахматшы. Бөтен жерде мұндай жеңіске жетуін сенсация деп атауға болады», - дейді Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Әнуар Исмағамбетов.
Турнирдің «күмісі» пензалық Дмитрий Кокаревке бұйырса, Қорған қаласынан келген Андрей Дрыгалов жарыстың қола жүлдегері атанған.