Семейліктер «Бейбітшілік» аралын қоқыстан тазартты

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында тоғыз мыңнан астам тұрғын #Birgе - #TazaQazaqstan экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Акция барысында Семейдің «Бейбітшілік» аралы мен Мирный кенті қоқыстан тазартылды.

«Шараға жергілікті атқарушы билік өкілдері, депутаттар, мекемеқызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып жатыр. Ортақмақсат-қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатты құрметтеу», - деді Семейқаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев.

Жиналған қоқыстар оның ішіндешыны бөтелкелер мен пластиктер арнайы қатты тұрмыстық қалдықтарды өндейтінполигонға жіберіліп, қайта өңделеді.

Айта кетейік, экологиялықакция Семейдеәр сенбі сайын өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар