Аталған сында Қазақстан құрамасынан ел намысын қорғаған спортшыларымыз - Элмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов қарсыластарына 30:45 есебімен жол беріп, жүлдеден тыс қалды. Осылайша Қазақстан семсерлесу құрамасы да Олимпиаданы сәтсіз аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның екі бірдей жеңіл атлеті Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінен ары аса алмағанын жазған едік.
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді.
Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен - стендтік ату, академиялық есу, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, бокс және батут гимнастикасынан сынға түсіп жатыр.