Құрамында Эльмира Әлімжанова, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай (запастағы ойыншы) бар семсерлесушілер финал жолдамасын иелену үшін Гонконг командасымен күш сынасты. Барлық жекпе-жек қорытындысы бойынша 45:30 есебімен Қазақстан өкілдері жеңіске жетті.
Енді олар финалда «алтынға» таласады. Ал Гонконг командасы қола жүлдені қанағат тұтты. Шешуші ойын Астана уақытымен 16:35-те өтеді деп жоспарланған.