АСТАНА. KAZINFORM - Қылышпен семсерлесу спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Руслан Курбанов Колумбия астанасы - Богота қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде екінші орын алды.
Финалда ол жапониялық Акире Комате 10:15 есебімен есе жіберіп қойды. Осылайша күміс жүлдені қанағат тұтты.
Руслан жартылай финалда өзбекстандық Вадим Анохиннен 15:14 есебімен басым түскен еді.
Үздік үштікті франциялық Луиджи Мидельтон түйіндеді.
Ел құрамасынан Ерлік Сертай үздік ондыққа кірді. Ол жарысты сегізінші орынмен аяқтады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының спортшысы Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жастар арасындағы (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.