АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Берн қаласында семсерлесуден өтетін әлем кубогының кезеңінде ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда семсерлесуден Қазақстан құрамасы Мәскеуде жаттығып жатыр. Біздің команда Ресей, Қытай және Венесуэламен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Бернде жүлдеге таласатын қазақстандық шпагашылар тізімі:
Дмитрий Алексанин
Руслан Курбанов
Эльмир Алимжанов
Вадим Шарлаимов
Дмитрий Адайкин
Иван Дерябин
Ерлік Сертай
Еске сала кетейік, семсерлесуден Қазақстан құрама командасы Жакартадағы Азия ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Алексанин семсерлесуден жекелей сында Азиада чемпионы атанған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.