АСТАНА. KAZINFORM — Индонезияның Бали қаласында семсерлесуден XXVII Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Семсерлесуден 17-23 маусым аралығында алғаш рет Индонезия XXVII Азия чемпионатын қабылдамақ. Сары құрлықтың додасында ел намысын 23 спортшы қорғайды.
Сапы
Ерлер: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов
Әйелдер. Владислава Андреева, София Николайчук, Виктория Кайдарова, Каролина Фомина
Қылыш
Ерлер: Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Набиев
Әйелдер: Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько
Найза
Ерлер: Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, Тамерлан Қалиев
Әйелдер: София Актаева, Алена Гноева, Гүлжан Түсіпбекова
Былтыр жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған еді.
Еске салсақ, ҚР Туризм және спорт министрі Руслан Құрбановты марапаттады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.