АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Тамара Почекутова, Айгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходькодан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы аталған турнирдің ширек финалында әлем біріншілігінің қола жүлдегері жапон қыздарын ұтты. Алайда, жартылай финалда қыздарымыз әлем кубогы кезеңдерінде жүлдегер атанып жүрген Қытайдан ұтылып қалды. Сонымен, үшінші орын үшін таласта Қазақстан құрамасы Гонконг құрамасын жеңіп, қола жүлдені қанжығаларына байлады.
Айта кетейік, осыған дейін шпагашы Дмитрий Алексанин күміс жүлде жеңіп алған еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.