Семсерлесуден Будапешттегі әлем кубогында 6 қазақстандық спортшы бақ сынайды
17:47, 19 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Будапештте (Мажарстан) саблямен семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, еліміздің намысын халықаралық турнирде 6 спортшы қорғайды.
Рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Артур Чупраков, Қуаныш Ерғазбай және Жанат Нәбиев сайысқа түседі.
Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 28-29 наурыз күндері өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін семсерлесуден Грекиядағы әлем кубогының кезеңінде 4 қазақстандық бақ сынайтынын жазған едік.