Семсерлесуден Грекиядағы әлем кубогының кезеңінде 4 қазақстандық бақ сынайды
11:45, 05 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Грекияның Гераклион қаласында 7-9 наурыз аралығында саблямен семсерлесуден әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді.
Халықаралық бәсекеде еліміздің атынан 4 спортшы сынға түседі.
Аталған додада Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик және Диляра Исабекова жүлде алуға және рейтингілік ұпайын жақсарту үшін барын салады.
Жекелей сайыстар 7-8 наурыз күндері өтсе, 9 наурызда командалық турнир ұйымдастырылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында 3 медаль алғанын жазған едік.