Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА.KAZINFORM – ​Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында ерлер арасындағы командалық турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

​Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда Дания командасымен кездесті.
​Нәтижесінде отандастарымыз 45:36 есебімен сенімді жеңіске жетіп, бәсекенің жартылай финалына жолдама алды.

Осыған дейін Қазақстан құрамасының семсерлесуден әлем чемпионатының ширек финалына шыққаны туралы жазған едік.