Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогына қатысады

Фото: Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық семсерлесушілер 27-30 наурыз аралығында Мароккода өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады.

Әлем кубогында ел намысын ерлерде Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Аңсар Қасен, Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Михаил Кузьмин және Нариман Уәлихан қорғайды.

Ал әйелдерде София Николайчук, Владислава Андреева, Ләззат Карипова, Каролина Фомина мен Виктория Кайдарова жарыс жолына шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын семсерлесуден Будапешттегі әлем кубогында 6 қазақстандық спортшы бақ сынады.

Сондай-ақ Грекияның Гераклион қаласында 7-9 наурыз аралығында саблямен семсерлесуден әлем кубогының кезекті кезеңі өтті. Бұл сында Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик және Диляра Исабекова сайысқа түскен еді.