АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық семсерлесушілер 27-30 наурыз аралығында Мароккода өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады.
Әлем кубогында ел намысын ерлерде Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Аңсар Қасен, Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Михаил Кузьмин және Нариман Уәлихан қорғайды.
Ал әйелдерде София Николайчук, Владислава Андреева, Ләззат Карипова, Каролина Фомина мен Виктория Кайдарова жарыс жолына шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын семсерлесуден Будапешттегі әлем кубогында 6 қазақстандық спортшы бақ сынады.
Сондай-ақ Грекияның Гераклион қаласында 7-9 наурыз аралығында саблямен семсерлесуден әлем кубогының кезекті кезеңі өтті. Бұл сында Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик және Диляра Исабекова сайысқа түскен еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.