Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасудан қола медальға ие болды.
Отандасымыз жартылай финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде Түркия өкілі Фуркан Яманға 13:15 есебімен жол берді. Осылайша, Жайлыбай турнирді үшінші орынмен аяқтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс барысында ол Мажарстан спортшысы Даниэль Беркешиді (15:6), жапониялық Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовты (15:14) және АҚШ өкілі Эмилио Патурзоны (15:13) жеңді.
Айта кетейік, тағы бір қола жүлдені мысырлық Ахмед Хешам иеленді. Ол жартылай финалда америкалық Уильям Морилудан жеңілді. Фуркан Яман (Түркия) жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, бұл – жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде жекелей сында алған Қазақстанның алғашқы медалі.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өтетін Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады.