Семсерлесуші Юлия Живица 1/32 раундта ресейлікке жол берді

None
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында семсерлесуден өткен 1/32 сынында қазақстандық спортшы Юлия Живица ресейлік Юлия Гавриловаға есе жіберді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз өз қарсыласына 15:7 есебімен жеңілді.

Юлия Живица 22 жаста. Ол  Азия чемпионы атанған және 2010 жылдағы Азия ойындарының қола жүлдегері. Олимпиадалық жолдамаға Юлия Жапонияда өткен біліктілік турнирінде жеңімпаз атанып, қол жеткізген болатын.