Сенат Алматы маңында орын алған ұшақ апатынан қаза болғандарды үнсіздікпен еске алды
Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда Алматы түбінде әуе апатында адамдардың қаза болуына байланысты Ұлттық аза тұту жарияланды.
«Қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Және Жаратқаннан алдағы уақытта осындай оқиғалардың қайталанбауын сұраймыз», - деді Сенат төрағасы Қайрат Мәми.
Еске салып өтейік, 29 қаңтарда 13 сағат 30 минутта Алматы облысының Іле ауданындағы Қызылту елді мекенінің жанында Көкшетау-Алматы бағытымен ұшып келе жатқан CRJ 200LR ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 16 жолаушы, олардың арасында біржарым жастағы сәби және экипаждың бес мүшесі болды. Олардың барлығы да қаза тапты.
Авиаапаттың себептерін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, оған ТЖМ, ІІМ, көлік және коммуникация, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бас көлік прокуратурасының және ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің өкілдері енді.
Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 3 бөлімінің 295-бабымен қозғалыс қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы және екі және одан да көп адамды өлімге соқтырған әуе көлігін пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұшақ апатқа ұшыраған орыннан «қара жәшік» табылды және ол талдау үшін Мәскеудегі Мемлекетаралық авиация комитетіне жіберілді. Қаза болғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсету жөнінде жұмыстар жалғастырылуда. Зардап шеккен отбасыларына «Скат» АҚ авиакомпаниясынан 3 млн. теңгеден, сондай-ақ әкімдіктерден - 1 млн. теңге мөлшерінде көмек көрсетіледі.
Ұлттық аза тұту күні бүкіл әлемдегі Қазақстанның шетелдік мекемелерінде авиаапат құрбандарына байланысты көңіл айту кітаптары ашылады. Оған кез келген адам өзінің көңіл айту сөздерін жаза алады. ҚР СІМ жүйесінде орталық аппараттан басқа 80 шетелдік мекеме бар, олар әлемнің 50-ден астам елінде орналасқан.
Еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерде Ту төмен түсіріліп, ойын-сауық және көңіл көтеру шараларына тыйым салынады.
«Challenger-200» ұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза болғандардың тізімі:
Фейст Владимир, 1956 ж.т.
Рубас Александр Васильевич, 1960 ж.т.
Дюсбаев Дүйсехан, 1949 ж.т..
Құсайынов Асқар Еркінұлы, 1989 ж.т..
Лотков Николай Николаевич, 1981 ж.т..
Малғаждаров Қайсар Мағжанұлы, 1969 ж.т.
Низамов Акрам Мухумдинович, 1977 ж.т.
Омаров Әбілжан Каримұлы, 1968 ж.т.
Оразбаев Марат Берлікұлы, 1969 ж.т.
Дүйсенов Ғалымжан Бағытжанұлы, 1974 ж.т.
Рахымбек Индира Рахымбекқызы, 1974 ж.т.
Бақытжан Бекжан (ұлы), 2011 ж.т.
Сериков Александр Иванович, 1980 ж.т.
Шутиков Арсен Айтказиевич, 1974 ж.т..
Ескендіров Асқар Қадыгерұлы, 1975 ж.т.
Жаворонков Иван Викторович, 1968 ж.т..
Экипаж:
Евдокимов Владимир Николаевич - командир
Шарапов Александр Владимирович - екінші ұшқыш
Бабаян Святослав Артурович - екінші ұшқыш
Кривоносова Ирина Николаевна - бортсерігі
Аспандиярова Дина - бортсерігі