оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың айтуынша, конвенцияның мақсаты - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шарлары жөніндегі кеңес хатшылығына АӨІСШК-ға мүше әрбір мемлекеттің аумағында құқық қабілеттілігін, сондай-ақ әкімшілік-сот, құқық қорғау және қазыналық-қаржылық сипаттағы артықшылықтар мен имунитеттер беру болып табылады. Конвенцияда АӨІСШК хатшылығының әкімшілік-техникалық және қызмет көрсету функцияларын атқаратын басқарушы және кәсіби персоналы мен олардың отбасы мүшелеріне артықшылықтар мен иммунитеттер беру туралы нормалар бекітілген. Заң жобасы отырыста бірауыздан мақұлданды.