Сенат Бюросы алдағы палата отырысының күн тәртібін нақтылады

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Палатаның Бюро отырысы болып өтті.

Бюрода Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобалары тұрақты комитеттерге және Сенат Аппаратына берілді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Сондай-ақ, Бюро отырысында «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дәліз 1 [Тараз қаласының айналма жолы] [Батыс Еуропа батыс Қытай халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] Жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын одан әрі пысықтау үшін Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетіне жіберілді. Бұдан бөлек, осы комитет «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бас комитет болып белгіленді.

Одан басқа, Бюрода 2013 жылғы 24 қаңтарда болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі талқыланды. Отырыста «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дәліз 1 [Тараз қаласының айналма жолы] [Батыс Еуропа Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] Жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын қарау жоспарланды. Депутаттардың қарауына еліміздің кейбір заңдарына бәсекелестік және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары ұсынылады.