Сенаторлар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімді; Қазақстан мен Аустрия арасындағы жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды.
Заңнамаға тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарау жоспарланды. Заңнамаға пошта; «жасыл экономикаға» көшу; астық нарығын реттеу; сондай-ақ экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар екінші оқылымда қаралатын болады.