Сенаторлар 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң (объектiлері мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағына орналасқан Ресейдің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды.
Бюрода сондай-ақ Үкімет енгізген заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері арасында бөлінді.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияны ратификациялау туралы және Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын жүргізу тапсырылды.