Сенат Бюросының алғашқы отырысы болды

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен бесінші шақырылған  Парламенттің осы сессиядағы Сенат Бюросының алғашқы отырысы болды.

Төраға осы сессияның ашылуында Мемлекет басшысы жария еткен Парламент алдында тұрған міндеттерге назар аудара келіп, заңдардың жергілікті жерлерде қатаң орындалуы және Парламент тарапынан тиісті бақылау жасаудың қажеттігі туралы айтты.

Отырыс барысында Қ.Мәми  қабылданатын заңдардың сапасын жақсарту және парламенттік шаралардың нәтижелілігін арттыру жөнінде депутаттар мен Сенат Аппаратына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бюрода 2012 жылғы 13 қыркүйекте болатын Сенат отырысының күн тәртібі талқыланды.

Атап айтқанда, Еуразиялық  экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеу және бақылау жөніндегі валюталық саясатының негізін құрайтын қағидаттар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарау көзделіп отыр.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы сауда өкілдіктерін өзара  құру және сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары талқыланатын болады.