Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтады

Фото: Фото: express-k.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтағанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды», — делінген Ақорда жариялаған құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін Сенат мопедтерді тіркеу мен көлік жылдамдығын бақылауға арналған заңды мақұлдағанын жазғанбыз.