17:22, 09 Сәуір 2009
Сенат депутаттары ел аймақтарына аттанды
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат. Парламент Сенатының депутаттары үстіміздегі жылғы сәуірдің 10-ы мен 19-ы аралығында өз жұмыстарын ел аймақтарында жалғастыратын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дәстүрлі сапар барысында сенаторлар жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдар активімен кездеседі.Әлемдік дағдарыс зардаптарын еңсеруге және одан әрі өркендеуге бағытталған тұрақтандырушы бағдарлама іспетті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ережелерін түсіндіруге ерекше назар аударылады.
Депутаттар әлеуметтік міндеттемелерді орындау, жұмыспен қамтамасыз ету мен халықтың еңбекпен қамтылуын қолдау, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру туралы мемлекет қабылдаған шаралар жайында әңгімелейді.
Сайлаушылар, сондай-ақ Парламент қабылдаған негізгі қаржы құжатына енгізілген бюджеттік өзгерістердің негізгі бағыттары туралы хабардар болады.