Отырыс барысында аталмыш құжаттың мақсат-міндеттері жөнінде экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова баяндады.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасындағы Еркін сауда айналымына қатысты келісімге Сербия Президенті Б.Тадичтің 2010 жылдың 7 қазандағы ресми Астанаға ресми сапары барысында қол қойылған. Келісімнің мақсаты - екі ел арасындағы өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту әрі кеңейту және елдерде қолданыстағы ұлттық заңнамаға және Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаларына сәйкес тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Отырыс барысында заң жобасы бірауыздан қабылданды.