заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Н.Қаппаров министрлік жұмысының негізгі бағыттары жайында сенаторларды хабардар етіп, қазіргі және алда тұрған міндеттер туралы әңгімеледі.
Атап айтқанда, министр біздің елімізге парник газдардың шығарындыларына қатысты ұлттық квота жүйесін жасауға мүмкіндік беретін Киото Хаттамасының «Б» қосымшасына Қазақстанның кіруі мәселелеріне назар аударды. Ол осыған байланысты «Б» қосымшасына кіру туралы шешімді еліміздің Үкіметі бекіткен жұмыс тобы қабылдайтынын атап өтті.
Кездесу барысында комитет төрағасы Б.Жылқышиев «бұл мәселені талқылауға және бірлескен шешім әзірлеуге депутаттар белсенді түрде қатысатын болады» деді.