Сенат депутаттары ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы комиссиясының Санкт-Петербургте болған отырысына қатысты

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Саяси мәселелер және әлеуметтік-мәдени тұрақты комиссиясының отырысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық келісімдер мен шарттарын жүзеге асыру, бітімгершілік саласындағы қызметін нормативтік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Санкт-Петербургте бүгін болған шараға Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов бастаған Парламент депутаттары қатысты.

Депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының таяудағы сайлау қорытындыларына, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының биылғы тамыздағы Астана қаласындағы бейресми саммиті шешімдерін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

Отырыста А.Бижанов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Саяси мәселелер және әлеуметтік-мәдени тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.

Депутаттар сондай-ақ ҰҚШҰ ПА жұмыс жоспарының жобасын, Комиссияның кезекті отырысын өткізу мерзімін және басқа да мәселелерді талқылады.