«Сайлау барынша тыныш жағдайда өтті. Айтарлықтай форс-мажорлық оқиғалар, заңнаманың бұзылуы орын ала қойған жоқ. Халықаралық байқаушылар іс жүзінде еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлаушылардың жиындарына толығымен қатысты. Осылайша, біздің ойымызша, сайлау халықаралық стандарттар деңгейінде өтті. Қандай да бір заңбұзушылықтар орын алмады», - деді ол.
ОСК төрағасының сөзіне қарағанда, Сенат депутаттарына дауыс беру барысын, дауыстарды санау рәсімін кандидаттардың сенімді адамдарын, еліміздің саяси партияларын, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қоса алғанда 387 адам бақылаған.