АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау халықаралық стандарттарға сай өткізілді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы ғимаратында өткен брифингте ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы атынан халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі, Тәжікстан ғылым академиясының президенті Фарход Рахимов айтты.
«Сайлау әділ әрі Қазақстан Респубилкасының заңнамасына және халықаралық стандарттарға сай өткізілді», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, ТМД ПА байқаушылар тобы Қазақстанда өткен сайлауалды науқанға мониторинг жүргізіп, арнайы қорытынды әзірлеген.
«Бұл қорытындыда сайлауалды науқан барысына сараптама жасалды. Бұл қорытынды ТМД ПА аясында талқылантын болады әрі нақты ұсыныстар беріледі», - деді Ф.Рахимов.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.