Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.
Тіркелген кандидаттардың 14-ін мәслихаттар ұсынған болса, қалған 41-і өзін-өзі ұсынып отыр. Тіркелген 29 кандидат «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, 1-еуі - «Ауыл» социал-демократиялық партиясының, 1-уі - «Ақжол» демократиялық партиясының, 1-уі - «Руханият» партиясының мүшесі. 15-і - партияда жоқ. 8 кандидат - өздерінің партияға қатыстылығын көрсетпеген.
ОСК хатшысының сөзіне қарағанда, Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, республиканың 15 өңірі үшін тіркеу мерзімі 19 шілдеде аяқталды. Тек Ақтөбе облысында кандидаттарды тіркеу 5 тамызға дейін ұзартылды. «Басқа өңірлердегі тіркелген үміткерлер 30 шілдеден бастап сайлауалды үгіт жұмысына кірісе алады. Ақтөбе облысындағы кандидаттарды тіркеу 5 тамызда аяқталып, сайлау алдындағы үгіт 6 тамызда басталады. Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру күні бұрынғысынша - 2011 жылғы 19 тамыз», - деді Б. Мелдешов.