Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу бойынша Орталық сайлау комиссиясына 2 шағым түскен

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 19 тамызға белгіленген ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу бойынша Орталық сайлау комиссиясына 2 шағым түскен.

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен 2 шағым тіркелді. Біз оларды Ішкі істер министрлігінің және басқа да тиісті ведомстволардың қатысуымен қарап шығып, қажетті жауаптарын бердік. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аталған мәселеге қатысты аудандық сот та іс қарады. Онда қазіргі Парламент Сенаты депутатының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кандидаттардың бірін тіркеу барысындағы жіберілген кемшіліктерге қатысты шағымы қаралды. Ол бойынша депутаттың берген шағымы шындыққа сәйкеспеді», - деді Қ. Тұрғанқұлов.