«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ (бұдан әрі-Қоғам) – «Jibek Joly» телеарнасының (бұдан әрі-Телеарна) меншік иесі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 28.09.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін телеарнада эфир уақытын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыру 2022 жылғы 24 желтоқсан сағат 18.00-ден 2023 жылғы 13 қаңтар сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Телеарна Қоғам мен Парламент Сенатының депутаттығына кандидат (бұдан әрі – Кандидат) арасында немесе кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын жазбаша шарт негізінде эфир уақытын береді. Эфир уақыты қолда бар техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып беріледі.
Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің Қоғам басшысының атына жазбаша өтініші эфир уақытын беру туралы шарт жасасу үшін негіз болып табылады. Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирде орналастырудың болжамды күні мен уақыты Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шарт талаптарымен бекітіледі.
Өтініш кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке келесідей құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;
2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Телеарна эфирінде Кандидаттардың материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребені өткізу тәртібі мен шарттарын Қоғам айқындайды.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтке бұрын жүгінген басқа Кандидатқа сұрау салынған уақыт берілсе не техникалық мүмкіндіктері бойынша берілмесе, Қоғам Кандидатқа Телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыру үшін өзге де уақыт ұсынады.
Үгіт материалдары келесі талаптарға сай болуы керек: MPEG-2 кодегі, Chroma 422, битрэйт 50 Мбит/сек, 25 кадр / сек, сыйымдылығы 1920*1080, interlaced жазылу түрі, алаңдарды құру тәртібі-жоғарғы алаң бірінші (topfieldfirst), кадр арақатынасы 16: 9; Аудио: PCM, WAV, 24 бит форматы, 48 kHz, деңгей -12 ДБ, материалдың соңғы нұсқасындағы дыбыс 1-ші стерео арнаның сол жақ жолына жиналуы керек, бірдей оң жолды (жалған стерео) пайдалануға рұқсат етіледі. Бейне және Аудио MXF OP-1a контейнерінде болуы керек. Бейнематериалдар сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флэш-карта) ұсынылады.
Бейнетаспамен бір мезгілде эфир уақытын беру туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлға қол қойған Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің толық жазылуы, бейнелері Үгіт материалдарында пайдаланылған адамдардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда мұрагерлердің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың бейнелері пайдаланылғанда ата-аналарының қамқоршылардың, демеушілердің жазбаша рұқсаттары ұсынылады.
Үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат болуға тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда Үгіт материалдарының эфиріне хабарлама жүргізілмейді не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қоғам егер конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болса Үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартады.
Қоғам Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына басқа да кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда Үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақыты мен интернет алаңдарын беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Жазбаша өтініштерді телеарна меншік иесі 2022 жылғы 21 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 11 қаңтарды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Астана қаласы, Ақмешіт көшесі 3, Parkline БО, 2 қабат, 206 кеңсе мекен жайы бойынша 10 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін қабылдайды, телефондары 8 (7172) 95 40 59.
Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.