Сенат депутаттығына сайлауда Астана қаласынан үміткер В. Редкокашин басым дауысқа ие болды

ТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына сайлауда Астана қаласынан үміткер Владимир Редкокашин мәслихат депутаттарының басым даусына ие болды.

Бүгін таңертең сағат 10.00-де Астана қаласының әкімдігінде ҚР Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау өтті. Астана қаласы мәслихатының барлығы 25 депутатының сайлауға қатысқан 24-і - Сенат депутаттығына Астана қаласынан үміткер ретінде тіркелген 3 адам: Сәрсенбай Мыңбаев, Владимир Редкокашин және Андрей Лапенко үшін дауыс берді.

Сайлау аяқталысымен сайлау комиссиясының мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көзінше сайлау бюллетендерін санап шықты. Нәтижесінде В. Редкокашин - 22 дауыс, С. Мыңбаев 2 дауысқа ие болды.