деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында қазіргі экономикалық жағдай, Елбасымен жақында өткен тікелей эфирде қозғалған мәселелерді шешу жолдары, еліміздегі және ең ірі мегаполис Алматыдағы лифт шаруашылығының мәселелері сөз болды.
«Алматылифт» өкілдерінің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда еліміздегі лифтердің үштен бірі ауыстыруды қажет етеді. Ал ең ірі мегаполис Алматыдағы үйлерде 4 мың лифт бар. Бұлардың 299-ы өзінің 25 жылдық қызмет мерзімін аяқтаған, сондықтан олар толық ауыстырылуы тиіс. Егер ауыстырылмаса, орны толмас жағдайлар туындауы мүмкін. Пәтер иелері кооперативтері мен үй иелерінің бұл лифтерді ауыстыруға мүмкіндігі жоқ. Өйткені, 1 лифтің құны 5 миллион теңге тұрады. Сондықтан, биыл қабылданған 2010-2014 жылдарға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру кезінде кондоминиум нысандарын жөндеу үшін бюджеттік қаржы бөлу мәселесі қайта көтерілуі мүмкін. Кездесу барысында «Алматылифт» өкілдері сенатордан осы мәселенің шешілуіне атсалысуын сұрады. Отырыста бұнымен қатар, жұмысшылардың әлеуметтік мәселелері, зейнетақы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру мәселелері айтылды.