«Тәуелсіздіктің қиын-қыстау сәтінде тура жолды таба біліп, халықтың жағдайын жақсартты, ел экономикасын дамытып, шекарамызды шегендеді, бар ұлтты ұйыстырып, тату өмір орнатты.
Міне, енді қазір Қазақстан - әлем мойындаған іргелі ел.
Ұлы ойшыл Вальтердің: «Для спасения государства - достаточно одного великого человека» деген сөзі бар.Мен Елбасымызды осындай ұлы тұлға деп есептер едім.
Елбасы сайлау алды тұғырнамасында жариялаған мақсаттарды орындауға кірісіп те кетті. Ендігі жерде алдағы қойған міндеттерге бүкіл Қазақстан халқы жұмылып, Елбасына көмектесуіміз керек. Әрбір мемлекеттік қызметкер, әрбір Қазақстан азаматы сайлаудағы белсенділігінің қарқынын сақтап, әрі қарай да осы қолдауды жалғастырып, еліміздің даму үрдісін ары қарай биіктерге көтеруге жұмыстануы керек», - деді Сенат депутаты.